14.03.2024 жылы "Күміс университеті" тыңдаушыларының арасында ұйымдастырылған «Әкем оқыған кітап» атты байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқаудың мақсаты ‒ жас ұрпақ арасында кітап оқуды насихаттау, аға буын мен жастардың арасында сабақтастық орнату, сондай-ақ озық цифрлық технологияларды пайдалана алу мүмкіншілігін анықтау. Байқау материалы ретінде екі ұрпақ, яғни күміс университетінің тыңдаушылары, олардың немерелері және Ш.Уәлиханов атындағы студенттері бірлесіп жасаған сүйікті шығармалары бойынша подкасттар ұсынылды. Байқау бойынша дауыс беру youtube платформасында өтті , әрі барлық көрермендерге қолжетімді болды. Байқаудың серіктестері ‒ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ботай "мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы" РМҚК, "Jusan Bank" АҚ,"Банк ЦентрКредит" АҚ. Оқырмандар байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға оң пікірлер мен жылы лебіздерін жеткізді.