2026 жылғы 4 қыркүйекте Ualikhanov University Жоғары медицина мектебінің 27 бірінші курс студенті құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуге қатысты. Іс-шара «Заң мен тәртіп» іргелі қағидатын жүзеге асыру аясында заманауи әрі динамикалық TedX форматында өтті. Кездесуде Ақмола облысы ПД ПББ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Садвакасова Ботагоз Болатхановна, Ақмола облысы Полиция департаментінің инспекторы Курсанова Разия Талгатовна, Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Сатубаев Нұрсұлтан Серікұлы, сондай-ақ полиция аға лейтенанты, Ақмола облысы ПД КҚБ жедел уәкілі Головченко Даниил Игоревич сөз сөйледі. Спикерлер шынайы кейстермен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді және оқудың алғашқы күндерінен бастап заңдарды сақтаудың, құқықтық мәдениет пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды. Қонақтарға құнды ақпарат пен тәжірибесі үшін, ал бірінші курс студенттеріне белсенділігі мен саналы көзқарасы үшін алғыс білдіреміз!