Ualikhanov University Агротехникалық институтына LOGO e.V. бағдарламасының директоры, доктор Хартвиг Меннен арнайы келіп, студенттермен кездесті. Кездесу барысында ол Еуропада 6 айлық халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бағдарлама 2 - 3 курс студенттеріне арналған және келесі білім беру бағыттарын қамтиды:
Кездесу барысында студенттерге бағдарламаға қатысу талаптары, сапарды ұйымдастыру және тағылымдамадан өту шарттары түсіндірілді. Бағдарлама аясында тұратын орын мен тамақтану қарастырылған, сондай-ақ қатысушыларға ай сайын 430 еуродан бастап төлем беріледі.
Тағылымдаманың басты артықшылығы - студенттердің алған білімдерін тәжірибеде қолдануына және халықаралық кәсіби ортада жұмыс істеуіне мүмкіндік беру. Қатысушылар аграрлық саладағы заманауи тәсілдермен танысып, практикалық дағдыларын жетілдіріп, кәсіби тәжірибесін кеңейте алады.
Мұндай халықаралық бағдарламалар студенттерге оқу кезеңінің өзінде нақты өндірістік үдерістермен танысуға, шетелдік тәжірибені зерделеуге және болашақ мамандығына қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ualikhanov University студенттердің халықаралық академиялық және кәсіби ұтқырлығына жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастыруда.