Кеше университетіміздің «Жауқазын» студенттік жастар театры көрермендер назарына «Махаббат аралына қона алмаған аққулар» атты заманауи қойылымын ұсынды.

Бұл таңғажайып спектакль қатысушылардың барлығынан жақсы пікірлер мен эмоцияларды тудырды.Бұл спектакль Ресейде өткен халықаралық театр фестиваліне лайықты жолдама алды.

Бұл табыс Құдайберген Насыров жетекшілік еткен бүкіл ұжымның еңбегінің жемісі болды.