Ualikhanov University Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының сеньор-лекторы Айдарбекова Тойжан Жұмағалиқызына 8D08101 - «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 8 қазандағы №704 бұйрығымен бекітілді.

Ғылыми жетекшісі - биология ғылымдарының докторы, профессор Хусаинов Әбілжан Тоқанұлы. Ғылыми жетекшісіне кәсіби қолдауы, ғылыми тәлімгерлігі және зерттеу жұмысына қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Тойжан Жұмағалиқызын философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік - ұзақ жылғы ғылыми ізденістің, кәсіби біліктіліктің, табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі.

Алдағы уақытта жаңа ғылыми зерттеулер мен тың идеялар, ғылыми жобалардың табысты жүзеге асуын, кәсіби дамуы мен ғылым жолында жаңа жетістіктер тілейміз!

Ualikhanov University ғылыми қауымдастығының жаңа PhD иегерлерімен толығуы - университеттің ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрінісі. Ғалымдарымыздың жетістіктері отандық ғылым мен жоғары білімнің, соның ішінде аграрлық ғылымның дамуына үлес қоса берсін!