Ualikhanov University-де профессорлық-оқытушылық құрам мен университет қызметкерлеріне арналған ChatGPT Edu платформасын білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға бағытталған оқыту семинары өтті. Іс-шараны Bilim Group компаниясының өкілдері өткізді.
Семинар барысында Bilim Group өкілі Нұржан Мұхтарұлы Әбдіразақов ChatGPT Edu платформасының мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып, жасанды интеллектіні сабаққа дайындалу, оқу материалдарын әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде қолдану жолдарына тоқталды.
Қатысушылар оқу контентін дайындау, ғылыми әдебиеттерді іздеу және талдау, зерттеу материалдарын жүйелеу, сондай-ақ күнделікті жұмыс міндеттерін жеңілдету үшін жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың түрлі тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар спикер ChatGPT Edu платформасымен жұмыс істеуге қатысты пайдалы кеңестер мен практикалық әдістерімен бөлісті.
ChatGPT Edu – OpenAI компаниясының білім беру ұйымдарына арналған жасанды интеллект платформасы. Биыл Қазақстанда білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу бастамасы аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлеріне платформаны пайдалану мүмкіндігі берілді.
Семинар оқытушылар мен университет қызметкерлеріне ChatGPT Edu мүмкіндіктерін тереңірек танып, жасанды интеллект құралдарын күнделікті жұмыста, оқу үдерісінде және ғылыми зерттеулерде тиімді қолданудың жаңа тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді.