Іс-шара барысында бірінші курс студенттері университеттің құрылымымен, негізгі құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерімен танысты. Сонымен қатар оларға оқу үдерісін ұйымдастыру және университет ұсынатын мүмкіндіктер туралы маңызды ақпарат берілді.
Жоғары медицина мектебінің базасында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер мектептің қызметімен, кафедра меңгерушілерімен және профессор-оқытушылар құрамымен танысты. Студенттер өздерінің болашақ оқытушыларымен танысуға, оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы ақпарат алуға және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.
Студенттерді симуляциялық орталықпен таныстыруға ерекше көңіл бөлінді. Оларға Симуляциялық орталықтың мүмкіндіктері және оның болашақ медицина мамандарын практикалық даярлаудағы рөлі таныстырылды.
Сонымен қатар бірінші курс студенттері үшін университеттің келесі құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды:
университет проректорларымен;Тіркеуші кеңсесінің өкілдерімен;
университеттің психологиялық қызметінің өкілдерімен;
Қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен;
Цифрландыру бөлімінің өкілдерімен;
Халықаралық бөлімнің өкілдерімен.
Кездесулер барысында студенттер құрылымдық бөлімшелердің қызметі, қолжетімді қызметтер мен ресурстар, ішкі тәртіп ережелері, қауіпсіздік мәселелері, университеттің цифрлық мүмкіндіктері, халықаралық бағдарламалар және студенттік өмірдің басқа да маңызды аспектілері туралы ақпарат алды.
Бағдарлау апталығы бірінші курс студенттерінің университеттік ортаға бейімделуіндегі маңызды кезең болды. Іс-шаралар студенттерге университет ортасымен, оқытушылармен және негізгі құрылымдық бөлімшелермен танысуға,сондай-ақ Жоғары медицина мектебіндегі оқуын сәтті бастау үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік берді.