Халықаралық аренадағы күміс жүлде!
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Жоғары медицина мектебінің «NeuroSapiens» командасы Future Lab халықаралық студенттік олимпиадасында құрметті 2-орын иеленді!
Future Lab — заманауи форматтағы медициналық олимпиада. Мұнда қатысушылар симуляторлармен, VR/XR технологияларымен және клиникалық кейстермен жұмыс істеп, практикалық дағдыларын, клиникалық ойлау қабілетін және командалық жұмысты дамытады.
Команда құрамында:
- Балтабаев Асан Бауыржанұлы
- Есенжолов Әсет Хайрденұлы
- Кендирбаева Асылтас Қабдылхамитқызы
- Төлеубекова Дамира Байбекқызы
- Тлекбай Сабина Қуанышқызы
Біздің студенттер жоғары дайындық деңгейін, сенімді клиникалық дағдыларын және үйлесімді командалық жұмысын көрсетті.
Команданы лайықты нәтижемен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!