Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды.

Сараптамалық жұмысқа ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметпен айналысу тәжірибесі бар ғалымдары мен мамандары қатысуға шақырылады.

Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу мәселелерін қамтуы мүмкін.

Ұсыныстарды дайындау барысында нақты проблеманы айқындап, оның негіздемесін келтіріп, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізуді қоса алғанда, оны шешудің ықтимал жолдарын ұсыну қажет.

Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау үшін Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтында «Қызметі» → «Сараптамалық кеңестер» бөлімі қарастырылған. Аталған бөлімде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.