Ualikhanov University-де белгілі саяхатшы әрі тревел-блогер Асет Мурзабаев қонақта болды.

Университетпен таныстық кампус турынан басталды. Асет оқу ордамыздың негізгі кеңістіктерін аралап, университет тынысымен және студенттік ортамен танысты.

Сапар аясында студенттік стартап-командалармен де кездесу өтті. Жастар өз жобаларын таныстырып, бүгінде жұмыс істеп жатқан идеялары мен шешімдері туралы айтып берді.

Кездесу студенттермен әңгімеге ұласты. Саяхат, түрлі елдер мен мәдениеттер, туристік бағыттар және Асеттің жеке тәжірибесі туралы сөз болды. Осындай мотивациялық кездесулер студенттерге қызықты тәжірибені тікелей естіп, өз сұрақтарын қойып, жаңа идеялар мен мотивация алуға мүмкіндік береді.

Асет Мурзабаевқа мазмұнды кездесу, еркін әңгіме және студенттерімізге берген мотивациясы үшін алғыс айтамыз!