30 қазанда академиялық мәселелер жөніндегі проректор Рыспаева Динара Сарсембайқызы университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқу процесін ұйымдастыру, академиялық саясатты жүзеге асыру, білім беру қызметін жетілдіру және білім сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Нормативтік құжаттарды қолдану, академиялық жауапкершілік қағидаттарын сақтау және оқытушылардың университеттің академиялық құрылымдық бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамын қолдау және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың заманауи әдістерін енгізу және оқу процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.
Динара Сарсембайқызы университеттің академиялық қызметін одан әрі дамытудың негізгі басымдықтарына тоқталып, сапалы білім беру мен бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда оқытушылардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқытушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, академиялық қызметке қатысты өзекті мәселелерді талқылады және оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарын білдірді.