10 тамызда Ualikhanov University-де Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының өкілдері университет ұжымымен кездесті.
Партия атынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат Ерқанат Мұсылманбек, «Әділет» партиясының Көкшетау қалалық филиалының төрағасы Тілеген Амангелді, облыстық сайлауалды штабтың өкілдері Айгүл Сабитова мен Ғалия Сабатаева қатысты.
Университет басшылығынан ректор Марат Сырлыбаев, ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор, «Әділет» партиясы әйелдер қанатының жетекшісі Айгүл Жақыпова, ректордың кеңесшісі, партияның облыстық сайлауалды штабының мүшесі Аманай Сейтқасымов, сондай-ақ университет қызметкерлері қатысты.
Партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Құрылтай сайлауы аясындағы басымдықтары мен алға қойған міндеттері туралы баяндады.
Жиында қоғам мен өңірлердің дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, мамандар даярлау сапасы, оқытушылардың еңбек жағдайы, халықты жұмыспен қамту, жас мамандарды жұмысқа орналастыру және қолдау мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар адами капиталды дамыту, өңірлерде кәсіби мүмкіндіктерді кеңейту және өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер қозғалды.