Ualikhanov University студенттерді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы ұйымдастырған студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауына қатысуға шақырады!

Байқаудың негізгі бағыттары:

  • Жасанды интеллект (AI)
  • Киберқауіпсіздік
  • Қаржы саласындағы финтех әзірлемелер мен цифрлық шешімдер

Инновациялық идеяң, ғылыми зерттеуің, дайын жобаң немесе прототипің бар ма? Ендеше, өз әзірлемеңді республикалық деңгейде таныстыру мүмкіндігін жіберіп алма!

Байқау – өз білімің мен технологиялық шешімдеріңді көрсетуге және жүлделі орындар үшін бақ сынауға тамаша мүмкіндік!

Қалай қатысуға болады?

Жобаңызды университеттің арнайы платформасында тіркеңіз. Сол жерден байқаудың жүлде қоры мен толық шарттары туралы ақпарат ала аласыз.

Тіркелу: https://banktech.shokan.edu.kz/

Өтінім қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 15 қазан.

Идеяңды танытып, мүмкіндігіңді пайдалан!