Интернеттегі қауіптерден қорғану
Қауіптердің негізгі түрлері
Кибербуллинг
Пікірлерде немесе чаттарда қорлау, қорқыту және жаппай қудалау.
Бопсалау
Ақша немесе басқа нәрсе бопсалау мақсатында жеке немесе интимдік фотосуреттерді жариялаймын деп қорқыту.
Қазір не істеу керек?
1. Скриншоттар жасаңыз
Хат-хабарларды өшірмеңіз! Бұл дәлел.
2. Қауіп төндіретін адамды бұғаттаңыз
Және оның парақшасына шағым жіберіңіз (Report).
3. Ересектерге хабарлаңыз
Қамқоршыға, оқытушыға айтыңыз немесе 111 нөміріне қоңырау шалыңыз.