Байманова Ляззат Сейтзиевна

Байманова Ляззат Сейтзиевна

Жалпы тіл білімі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі. Ш.Уәлиханов атындағы КУ

Білімі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.Диссертация қорғалған ЖОО – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.

Элективті пәндер

Базалық шет тілі (неміс), шет тілі (екінші), кәсіби шет тілі, функционалдық стильдер практикумы, іскерлік неміс тілі, академиялық мақсаттарға арналған тіл.

Жеке деректер: филология ғылымдарының кандидаты (2009), тіл білімі доценті (2010), ҚР ПҒА корреспондент-мүшесі.

Ғылыми қызығушылықтар аясы – мәдениетаралық коммуникация, этнотілдік байланыстар, салғастырмалы тіл білімі, персонология, социолингвистика, шетел тілдерін оқыту әдістемесі. Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.д., профессор Н.Ж. Шаймерденова.

Халықаралық академиялық және ғылыми қызмет (тағылымдамалар, гранттар, ұтқырлық): ГФР (1997-1998, 2009, 2014, 2019, 2021, 2025), Дания (2011), Польша (2013), Грузия (2014), Ұлыбритания (2016), Венгрия (2017), Чехия (2018), Бельгия Корольдігі (2018), Ресей Федерациясы (2018, 2022, 2026), Түркия (2023), Армения (2023), АҚШ (2025).

ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017» мемлекеттік грантының иегері. Педагогикалық жұмыс өтілі: 27 жыл.

ҚР ҒЖБМ ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру жобаларының екі дүркін жетекшісі (2021-2023, 2025-2027).

100-ден астам ғылыми еңбектің авторы және тең авторы, Хирш индексі – 3.

Ақмола Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ төрағасының орынбасары. «Қазақстандық немістердің республикалық этномәдени бірлестігі» ҚҚ сарапшылық тобының мүшесі.