Кафедра тарихы

«Клиникалық пәндер» кафедрасы 2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Медицина факультеті құрылғаннан бері ұйымдастырылып, негізгі кафедралардың бірі болып саналады.

Кафедраның негізгі міндеті – медициналық ғылымның заманауи жетістіктерін ескере отырып, клиникалық ағым ерекшеліктерін дамыту саласында іргелі заманауи білімдерді қалыптастыру болып табылады. Кафедраның клиникалық базалары ретінде Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасы, Қалалық көпбейінді аурухана, Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы, Инфекциялық аурулар орталығы, Ақмола облысының аудандық ауруханалары, сондай-ақ «Viamedis» ЖШС қалалық емханасы мен Көкшетау қалалық емханасы қызмет етеді. Клиникалық базалар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кафедра студенттер мен интерн-дәрігерлерге терапиялық бағыттағы пәндер бойынша білім береді.

Ашылған сәттен бастап 2023 жылға дейін кафедраны м.ғ.к. Тұрлубеков Қайрат Қарайұлы, кафедраның штат құрамында қызметкерлері Ебелекова Лиза Ерғалиқызы, Мұқатова Райхан Ерғалиқызы, Исаков Олжас Бағланұлы болды.

2023 жылдың қыркүйегінен кафедраға MBA магистрі, PhD Күлбаева Шынар Қамбарқызы жетекшілік етті.2025 жылдың ақпан айынан бастап кафедраны жоғары санатты дәрігер Әбдіқазымова Сәуле Ғабдісәлімқызы басқарады.Профессор-оқытушылар құрамы жеткілікті дәрежеде толықтырылған: м.ғ.д., қауымдастырылған профессор, профессор Искакова Бақыт Қабденқызы, PhD Күлбаева Шынар Қамбарқызы, м.ғ.к. Тлеубергенов Ерназар Төленұлы, м.ғ.к. Нуқутова Ботагөз Тлембайқызы, Хасенова Светлана Қарабалинқызы, Мұқатова Райхан Ерғалиқызы – тәжірибелі практик мамандар. Жас оқытушылар Дюсембина Жанбота Досантаевна және Смағұл Наурызбай Бақытұлы ағылшын тілінде сабақтар өткізеді.

Кафедрада келесі оқытушылар педагогикалық қызметпен қатар емдеу жұмысын да қатар жүргізеді: м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Мұратбекова Светлана Қабденқызы, Ебелекова Лиза Ерғалиқызы, Раева Алма Қаратаевна, Рахметжанов Архат Айтқалиевич, Тілеубаева Ботагөз Амангелдіқызы, Сальмухаметов Аслан Жанатович, Баид Мониша.Кафедраның оқытушылары мен қызметкерлері студенттердің профильдік пәндер бойынша заманауи тексеру және емдеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді, медициналық этика мен деонтология қағидаттарын сақтауға ерекше назар аударады. Жоғары медициналық мектептің клиникалық базалары қазіргі заман талабына сай, заманауи жабдықтармен және зертханалармен қамтамасыз етілген.

Кафедраның мақсаты – студенттердің жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім мен дағдыларды, кәсіби дағдыларды меңгеруіне қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге терең теориялық білімі мен жеткілікті кәсіби дағдылары бар білікті мамандарды дайындау , заманауи технологияларды дамыту және енгізу оқу үдерісін ғылыми ұйымдастыру негіздерін және оқыту мен оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру, оқу сабақтарын, практикалық семинарларды және студенттердің өзіндік жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және өткізу , материалдық-техникалық база мен кадрлық ресурстарды нығайту.

Кафедрада "Жас зерттеуші" студенттік ғылыми үйірмесі белсенді жұмыс істейді. Жыл сайын шетелдік және отандық профессорларды шақыра отырып, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырылады.

Кафедраның жұмысы оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәрбиелік іс-шараларды қамтитын жоспарға сәйкес ұйымдастырылған.

Сонымен қатар студенттердің практикалық дағдыларын бағалау үшін Симуляциялық орталық пайдаланылады, ол инновациялық оқыту әдістері мен заманауи технологияларды қолдана отырып, медициналық тәжірибелік машықтарды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Кафедраның пәндері үш тілде оқытылады: қазақ, орыс және ағылшын.

Бүгінгі таңда «Клиникалық пәндер» кафедрасының базасы Онкологиялық диспансер ғимаратында орналасқан, мекенжайы: Ақан сері көшесі, 1Б (409 кабинет).

  «Клиникалық пәндер» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары