Жастар саясаты департаментінің негізгі мақсаты университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Жастар саясаты департаментінің міндеттері:
- білім алушының жеке басына бірыңғай тәрбиелік ықпал жасауды қамтамасыз ету, оқудан тыс қызметтің, кітапханалардың, мұражайлардың, сауықтыру-спорт кешендерінің мүмкіндіктерін іске асыруға ықпал ететін бірыңғай тәрбиелік әсерді қамтамасыз ету, өңірдің ұлттық, мәдени-тарихи дәстүрлерін, ЖОО-дар арасындағы және ведомствоаралық өзара байланыстарды пайдалану, мамандарды даярлау деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
- білім алушыларда азаматтық ұстаным мен базалық мәдениетті, қазіргі өркениет пен қоғамды демократияландыру жағдайында еңбек пен өмірге қабілеттілікті қалыптастыру;
- ЖОО-да студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтары мен ұйымдасқан тәрбие қызметі ортасын құру; қазіргі жастар субмәдениетінде ұлттық және этникалық толеранттылықты қалыптастыру;
- жастардың еңбекқорлығын, болашақ мамандыққа жауапкершілікпен қарауын белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.
- әр түрлі салада білім алушының жеке басын өзін-өзі жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
№ 211 каб. (бас ғимарат)
тел.: 8 716 2 72 11 05