WhatsApp Image 2026-03-31 at 11.39.03

Абишева Толқын Қажахметқызы

Бизнес-инкубатордың басшысы

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ бизнес-инкубаторы 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан StartUp академиясы негізінде 2021 жылы құрылған және студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ университет қызметкерлері арасында инновациялық және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға және кеңінен насихаттауға бағытталған кеңсе.

Университеттің бизнес-инкубаторы Қазақстан бизнес-инкубаторлары қауымдастығының құрамына кіреді.

Университет бизнес-инкубатордың базасында жылына екі рет ұйымдастырылатын «StartUp Project» байқауының жеңімпаздары үшін негізгі инвестор болып табылады. Стартап-командалар үшін коворкинг аймағында жұмыс орындары қарастырылған.

Питч-аймақ практикалық сабақтар, мастер-класстар және командалық жұмыс жүргізу үшін пайдаланылады.