Білім берудің барлық деңгейлерінде, заманауи технологияларды және шетел тілін оқытудың негізделген әдістемелерін, соның ішінде STEM және CLIL-ді меңгерген мектептердің әртүрлі түрлерінде жұмыс істей алатын, тілдік құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейдегі ағылшын тілі оқытушыларын даярлау.
"Ағылшын тілі" білім беру бағдарламасы (БББ) әртүрлі Қазақстандық жоғары оқу орындарының бірліктестігі және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі мектептегі білім берудің барлық деңгейлерінде — бастауыштан жоғары мектепке дейін, соның ішінде білім беру мекемелерінің әртүрлі түрлерінде (шағын жинақталған, жалпы білім беретін, инновациялық, ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға мамандандырылған және т.б.) тиімді жұмыс істей алатын ағылшын тілі мұғалімдерін кешенді және терең дайындауда.
Бағдарлама түлектері STEM және CLIL сияқты заманауи технологиялар мен шет тілін оқытудың озық әдістемелеріне негізделген жоғары тілдік құзыреттілікке және кәсіби дағдыларға ие.
-
Кәсіби қызметтің түрлері
білімділік;
оқу-тәрбиелік;
ғылыми-зерттеулік;
ұйымдастырма-басқарушылық;
әлеуметтік-педагогикалық.
Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандық тізімі:
бастауыш, негізгі және арнайы мектептерде ағылшын тілінің оқытушысы;
техникалық және кәсіптік оқуорындарындаағылшын тілінің оқытушысы;
мектепке дейінгі және орта білім беретін орындарда әдіскер.