Білім беру бағдарламасының мақсаттары Білім алушыларда кәсіби аударма қызметіне қажетті жалпы лингвистикалық және прагматика-коммуникативтік білімді, білік пен құзыреттілікті қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасының өзектілігі «Аударма ісі» бакалавриатының білім беру бағдарламасының өзектілігі экономикалық және қоғамдық қызмет салаларында халықаралық технологияларды енгізу талаптарымен, солтүстік өңірдің сұраныстарына негізделген өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында өндірістің дамуымен байланысты. Отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдер арасындағы экономикалық әлеуметтік саяси және мәдениетаралық байланыстарды жаһандандыру осы бағыт бойынша кадрлар даярлау қажеттілігін айқындайды.
-
Кәсіби қызметтің түрлері
- аудармашылық (түрлі жанрлық мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздердің, халықаралық кездесулердің, конференциялардың ізбе-із аудармасы);
- ұйымдастырушылық (түрлі шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік және қоғамдық ұйымдарды құру);
- өндірістік-әкімшілік (кәсіптік міндеттерді мемлекеттік, шетел және бірлескен кәсіпорындарда және мекемелерде аударманың алуан түрлерін басқару және/немесе жүзеге асыру);
- ақпараттық-талдау (әлеуметтік-саяси талдау жасау, іскерлік корреспонденцияны, есептерді, шолуды, жағдай болжамдарын құрастыру,аударманы тузету);
Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандық тізімі
- аудармашы-референт
- гид-аудармашы
- аударма редакторы