Қаржы, қаржылық талдау және басқару саласында іргелі білімді меңгерген, оларды практикада пйдалануға және іске асыруға қабілетті және өмір бойы үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайын жоғары білікті кадрларды даярлау
6В04106 "Банк ісі және қаржы менеджменті" білім беру бағдарламасының өзектілігі бүгінде еңбек нарығында мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, бірлескен халықаралық кәсіпорындар мен әртүрлі меншік және шаруашылық нысандарындағы ұйымдардың қаржысын басқарудағы кәсіби Қаржы қызметкерлеріне деген сұраныстың артуына байланысты. Қаржыны тиімді басқару мемлекеттің, фирмалардың және экономиканың басқа субъектілерінің табыстылығын анықтайды, сондықтан Қаржы менеджменті саласындағы заманауи әдістермен және біліммен қаруланған қаржы кадрларын даярлау қоғамның шұғыл қажеттілігі болып табылады.