Пәндерді оқу шеңберінде көшбасшылық құзыреттерді қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологияларын енгізу жолымен заманауи химиялық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттеріне ие жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған білім беруді іске асыру, биологиялық белсенді қосылыстар химиясы саласында жоғары білімі бар қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті химия магистрлерін ағылшын тілінде даярлауды қамтамасыз ету.
7М05303 ‒ «Биологиялық белсенді қосылыстар химиясы» білім беру бағдарламасының бірегейлігі оның мамандандырылған фокусында, оқытудың инновациялық әдістерін біріктіруде, пәнаралық тәсілде, ағылшын тілінде оқытуда және аналитикалық химияның заманауи әдістерін енгізуіне негізделген. Бағдарлама магистранттарға биологиялық белсенді қосылыстарды сапалы талдауға және осы салада іргелі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін ЯМР спектроскопиясын қоса алғанда, озық талдау әдістеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ағылшын тілінде оқыту магистранттарға халықаралық оқуға, ғылыми зерттеулерге және мансаптық өсуге мүмкіндіктер ашады.