Отандық және дүниежүзі тарихы, оқыту әдістемесі, ғылыми-зерттеу және жобалық іс-әрекеті саласында терең білімі бар, тарихи-мәдени мұра негізінде студенттердің бойында азаматтық позиция мен патриоттық сананы қалыптастыру, тарихи білім беру, аналитикалық ойлауға қабілетті білікті және бәсекеге қабілетті тарих пәні мұғалімдерін дайындау.
ББ іске асыру тарих саласында педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, сараптамалық-талдау және ұйымдастыру-басқару қызметін іске асыруды қамтамасыз ететін жоғары білікті кадрларды даярлауға және білім беру, мәдени және ғылыми сала үшін зияткер элитаны қалыптастыруға бағытталған.