2024 жылдың 15 наурызында "Кітапқұмар" байқауының екінші кезеңі өтті, қорытындылар шығарылып, жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталды. Іс-шараның мақсаты - оқуды насихаттау. Байқаудың бірінші кезеңі әдеби шығармалар бойынша буктрейлерлер жасау еді. Үздік 5 буктрейлер youtube платформасында ашық дауыс беру арқылы анықталды. Финалистер Ш. Уәлиханов атындағы КУ бас ғимаратында офлайн форматта өткен квестке қатысты. Қазылар алқасының құрамына кірді: Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Саматова Жаңыл Махфозовна; Дюсенбина Бибижамал Каиргельдиновна, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы; Анищенко Ольга Александровна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Жалпы тіл білімі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы; Темирова Жанна Германовна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Жалпы тіл білімі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры, философия ғылымдарының PhD докторы. Үздіктердің үздіктері ақшалай сыйлықтар мен номинацияларға ие болды. Байқауға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, "Jusan Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит"АҚ демеушілік жасады. Байқау сарапшыларына Забинякова Галина Валентиновна мен Жиеналина Айжан Мухамеджаровнаға алғыс айтамыз. Байқау көптеген оң пікірлерге ие болып, ең жақсы естеліктер қалдырды.