Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің лекторы Қызжібек Шүлембаева әйгілі Queens University Belfast (QUB) зерттеу университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ғылыми тағылымдаманың тақырыбы: «Internationalisation of higher education institutions».

Қазіргі уақытта Қызжібек CMI (Chartered Management Institutions) курстарының екі бағытынан өтіп жатыр: 1. Strategic Leadership. 2. Strategic Management Project және диссертациялық зерттеу бойынша жұмысын жалғастыруда: «Бурабай МҰТП экожүйелерін биосфералық аумақтар қағидаттарына негізделген экологиялық бағалау»

Сонымен қатар QUB серіктестік департаментінің басшысы Yi Feng-мен кездесіп, Ualikhanov University-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

QUB ғалымдарын біздің университетке жіберу мүмкіндіктерін және ұтқырлық мәселелерін қарастырып, бірлескен гранттық ғылыми жобаларға қатысуға ниет білдіріп отыр.

Ualikhanov University 2023 жылдан бастап QUB-мен ынтымақтастықты дамытып келе жатыр, жаратылыстану ғылымдары бойынша әріптестерімізді ғылыми тағылымдамаларға жіберуді және бірлескен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.