Ualikhanov University Еуропалық Одақтың Erasmus+ KA2 CBHE 101324934 «University Endowment Fund Development in Kazakhstan (UNIFUND)» бағдарламасы аясындағы Қазақстанда университеттік нысаналы қорларды (эндаументтерді) дамытуға бағытталған халықаралық жобаның қатысушысы атанды.

Жоба грант иегері әрі үйлестірушісі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.

UNIFUND жобасының негізгі мақсаты - университеттік эндаументтер жүйесін дамыту арқылы Қазақстан жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығы мен академиялық дербестігін нығайтуға ықпал ету.

Жоба аясында:

  • қазақстандық университеттерде эндаумент мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
  • нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру;
  • Университеттік эндаументтердің ұлттық қауымдастығын құру;
  • университеттік нысаналы қорлардың цифрлық платформасын әзірлеу;
  • басқару мен бюджеттен тыс қаржыландыруды тартудың заманауи тәсілдерін енгізу;
  • Қазақстан және Еуропа университеттері арасында тәжірибе және озық практикалар алмасу көзделген.

Ualikhanov University-дің UNIFUND жобасына қатысуы халықаралық тәжірибе алмасуға, институционалдық әлеуетті арттыруға және университеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің заманауи тетіктерін енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан мен Еуропаның жоғары оқу орындарын, мемлекеттік органдарды, даму институттары мен бизнес өкілдерін біріктіретін ауқымды халықаралық консорциумның бір бөлігі болу - университет үшін маңызды қадам.