Erasmus+ KA2 CBHE ESGCA — “Bridging Environmental Concerns, Societal Needs, and Good Governance in Central Asian Education and Employment Sectors” жобасы аясында 2026 жылғы 7–11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ESG-нің экологиялық, әлеуметтік аспектілері және басқару мәселелері бойынша Training of Trainers (😭) тренингі өтті.
Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ualikhanov University-дің белсенді қатысуымен ұйымдастырып, оған қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сарапшылары қатысты.
Шетелдік сарапшылар ретінде серіктес ұйымдардың өкілдері — LBUS профессоры Камелия Опреан-Стан ESG тәуекелдерін және ұйымдардың қаржылық емес тәуекелдерін басқару бойынша дәріс өткізсе, UNIGE профессоры Мара Морини корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі аспектілерін таныстырды.
Ualikhanov University атынан сарапшылар мен тренерлер ретінде:
• Айгуль Курманбаева және Зульфия Баязитова — «Қалдықтан ресурсқа: циркулярлық экономикаға көшу негізі ретінде ESG қағидаттары»;
• Анаргуль Бельгибаева және Лаззат Бермаганбетова — «ESG-нің әлеуметтік өлшемі: инклюзивті өсу, әлеуметтік кәсіпкерлік және жауапты бизнесті дамыту»;
• Ануарбек Какабаев — «Климаттық күн тәртібі: сын-қатерлер, үрдістер және перспективалар» тақырыптарында тренингтер өткізді.
Тренингке Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарынан 80-ге жуық өкілі және Ualikhanov University атынан бизнес және қызмет көрсету, сондай-ақ тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедраларының профессорлары мен жетекші оқытушылары қатысты.
Семинар бағдарламасы ESG тәуекелдері, циркулярлық экономика, әлеуметтік кәсіпкерлік, инклюзивті өсу, DE&I, климаттық күн тәртібі, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және ESG күн тәртібін қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі сияқты өзекті мәселелердің кең ауқымын қамтыды.
Оқыту барысында практикалық форматқа ерекше назар аударылды: қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, топтық талқылауларға қатысып, кейстерді талдап және тестілеуден өтті. Мұндай формат қатысушыларға жаңа білім алып қана қоймай, ESG саласындағы тәжірибелерімен және практикалық тәсілдерімен алмасуға мүмкіндік берді.
Тренингтің өткізілуі ESGCA жобасын іске асырудың маңызды кезеңі болды. Жоба оқытушылардың ESG құзыреттерін дамытуға және Орталық Азия университеттерінде ESG бойынша магистрлік білім беру бағдарламаларын одан әрі әзірлеуге арналған ұсыныстар дайындауға бағытталған.