Бүгін Ualikhanov University-де Harvard ManageMentor көшбасшылық курстары аясындағы алғашқы офлайн кездесу өтті. Оқыту университет басшыларының заманауи басқару және көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бағдарламаға университеттің құрылымдық бөлімшелері, жоғары мектептері мен институттарының басшылары қатысуда. Оқу барысында көшбасшылық, команда басқару, стратегиялық ойлау, шешім қабылдау, өзгерістер мен жобаларды басқару, тиімді коммуникация сияқты негізгі басқарушылық дағдыларға басымдық беріледі.

Harvard Business Impact ұсынған Harvard ManageMentor оқу платформасы көшбасшылық және басқарушылық дағдыларды дамытуға арналған ағылшын тіліндегі 42 тәжірибеге бағытталған курсты қамтиды.

Оқу бағдарламасы үш негізгі бағытты қамтиды: өзін-өзі басқару, команданы басқару және ұйымды басқару. Курстар жеке тиімділіктен бастап командалық көшбасшылық, стратегия және бизнес-процестерге дейінгі тақырыптарды қамтиды.

Бұл бастама Ualikhanov University-де заманауи басқару мәдениетін дамытуға және өзгерістерге бейімделе алатын, команданы тиімді басқарып, негізделген шешім қабылдайтын көшбасшыларды қалыптастыруға бағытталған.