Бірінші және екінші шетел тілінің оқыту әдістемесін меңгерген, шетел тілдерін оқыту технологиялары (STEM, CLIL, жобалық-коммуникативтік тәсіл, сыни ойлауды дамыту технологиясы және т. б.) негізінде оқу процесін ұйымдастыратын өңірлік мектептердің барлық түрлері үшін екі шетел тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау.
«Шетел тілдері» білім беру бағдарламасы– әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық кеңесшілердің қатысуымен әзірленген, педагогтарды дайындауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы. Бұл білім беру бағдарламасының ерекшелігі – оқу үрдісін құрылымдаудың коммуникативті-контрастивті (салыстырмалы) сипаты, яғни оқушының ана тіліндегі және бірінші шет тіліндегі коммуникативтік дағдыларына, сондай-ақ тілдер аралық деңгейдегі коммуникативтік дағдыларына негізделген. Білім беру бағдарламасы тілдік және мәдени плюрализмді сақтауға, көптілді тұлғаны дамытуға және Қазақстанда көптілділікті қолдауға бағытталған; бітірушілерге кәсіби өсуге қажетті тілдік ресурстарды ұсыну арқылы оларды жаһандық қоғамдастыққа қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
-
Кәсіби қызметтің түрлері
білімділік;
оқу-тәрбиелік;
ғылыми-зерттеулік;
ұйымдастырма-басқарушылық;
әлеуметтік-педагогикалық.
Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандық тізімі
бастауыш, негізгі және арнайы мектептерде ағылшын тілінің оқытушысы;
техникалық және кәсіптік оқуорындарындаағылшын тілінің оқытушысы;
мектепке дейінгі және орта білім беретін орындарда әдіскер.