2022 жылғы 5 қарашада "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңы қабылданып, ол 18 қарашада күшіне енгені туралы және осы тақырыпты талдау бойынша ,Ақмола облыстық прокуратурасында дөңгелек стол өтті.Бұл іс шараға Ақмола облысы прокуратурасының қызметкерлері және Ішкі істер департаменті,ұлттық қауіпсіздік департаменті ,экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті,адвокаттар қоғамы,атамекен кәсіпкерлер одағы және Ш.Уәлиханов университетінің , құқық кафедрасының меңгерушісі Рахметулина Б.С.кафедра лекторы Наурызбаев Е.А қатысып,сәйкесінше баяндама жасады. Қазақстанның даму тарихында тұңғыш рет прокуратураның қызметін реттейтін нормативтік акт Конституциялық заң мәртебесінде қабылданғаны туралы айтылды.

Прокуратура органдарының қызметін айқындайтын Конституциялық заңның қабылдануы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бастамасын іске асыру болып табылады.

"Прокуратура туралы" Конституциялық заңды қабылдаудың мақсаты прокуратураның құқық қорғау қызметін күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайту болып табылады, прокуратураның басты басымдығы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.